Қостанайлық кәсіпорындар көрмеге қатысты

Қостанайлық кәсіпорындар Астанада өткен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің бірінші республикалық «Ұлы дала елі» форумы мен  «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қатысып қайтты.Астана1_1
Естеріңізге сала кетейік, осының алдында ғана аймақтық байқаудың жеңімпазы атанған «СарыАрқаАвтопром» ЖШС, «ЕвразКаспианСталь» ЖШС, «S.M.F.-System», «Аян-Озат» ЖШС , «Аруана 2010», «Акбарс НК» ЖШС, «Костанай стройтеплокотл сервис» кәсіпорындары өз өнімдерін көпшіліктің назарына ұсынды. Бұл форумның өтуіне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы мұрындық болды.
-Мемлекет басшысы Қазақстанды Ұлы дала елі атандыру туралы ой тастады. «Атамекен» еліміздің бизнес-қоғамдастығын біріктіруші ұйым ретінде Елбасы ұсынысын қолдайды.Отандық бизнес мемлекет  басшысының тапсырмасын орындай отырып, интеграция мен бәсекеге төтеп беру жағдайында өз мүддесін жоғары қоя алады және ата-бабаларымыздың ежелгі арманына сәйкес-Ұлы қазақ даласын төрткүл әлемге танытуға күш салатындығына сенімдімін,-дейді ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
Форум жұмысына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысты. Ол отандық өнімдердің сапасы мен саналуандығын айрықша атап өтті. Оның пікірінше, елімізде шығарылатын өнімдер шетелдік тауарлардан бір де кем емес.Сондықтан, қазақстандықтарды импортқа қызығушылықты тоқтатуға шақырды.
Облыстық кәсіпкерлер Палатасының өкілі Роберт Юсуповтың айтуынша, көрмеде қостанайлық тауар өндірушілердің тауарларына жұрт аса қызығушылық танытқан. Әсіресе, «Аян-Озат» шұжық фирмасының өнімдерін Астана тұрғындары мен қонақтары «пышақ үстінен бөліп әкетіпті».
Ал байқау қортындысы 11 желтоқсан күні шығарылмақ. «Ұлы дала елі» форуымының «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне біздің облыстан   жоғарыда аталған кәсіпорындардан өзге «Казахстанский арматурно-изоляторный завод» ЖШС,  «Большевичка» фабрикасы, «ҚосТауСтрой» және  «Завод Казогнеупор» ЖШС өкілдері барды.  Қостанай тігін фабрикасы тіпті, көрмеге өз өнімдерін қоюға рұқсат алды. Ал «Казахстанский арматурно-изоляторный завод» ЖСШ мен  «Самұрық Қазына» еншілес қомпаниясына қарасты   «KEGOC» ҰК АҚ  бізде өндірілетін шыны изоляторларын сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасты.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓