Бекет уақытша жабылды
"Желқуар" автокөлік өткізу бекетінің жұмысы уақытша тоқтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Су тасқыны жағдайына байланысты 9 сәуірден бастап, Қостанай облысы Жітіқара ауданының аумағындағы Ресей Федерациясы Челябі облысының "Мариинский" ресейлік өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан "Желқуар" автомобильдік өткізу бекетінде ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көліктерді, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды.
Бекет жұмысының қайта басталғаны туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.