Иан Фил Канлас: « Қазақтай тамаша халықтың мерейі асқақтай берсе екен»

Қазақ тәуелсіз ел атанғалы жер-жаһанға аты мәшһүр болып, жаңа ашылулар мен мүмкіндітердің көзіне айналды. Шетелдік азаматтардың ағылып келуі де заңдылық еді. Жас мемлекеттің бой көтеруіне заманауи үрдіс пен батыстық көзқарас ықпал етті. Еуропалық үлгідегі білім беру мен тәжірибе алмасу әлі жүруде.
Қазақстанның әр облысында есігін ашқан Назарбаев зияткерлік мектебі батыстық үлгіде білім беретін ошақтардың бірегейі. Басқа мемлекеттерден ұстаздар келіп, қазақ балаларына ғылым үйретіп жүр.
Мысалы, Қостанай қаласындағы Елбасы мектебінде оңтүстік-шығыс Азияда орналасқан Филиппин мемлекетінен келген Иан Фил Канлас деген азамат жұмыс істейді. Ол – физика пәнінің мұғалімі. Ұлы Дала жеріне 2015 жылдың 17-тамызында аяқ басқан. Бұл жаққа келмес бұрын Филиппин елінің мемлекеттік университеттерінің бірінде профессордың көмекшісі болған.IMG_0770
-Қазақстанға тез бейімделіп кеттім. Әсіресе, Қостанай Филиппинде мен тұратын қалаға қатты ұқсайды. Айырмашылығы – қалың қар ғана. Өз басым  университетте оқып жүргенде Қазақстанмен география сабақтары арқылы бұрыннан таныс болатынмын. Алайда, бұл мемлекет жайындағы  білімім Қазақстан Кеңес Одағының құрамдас болғаны екендігімен шектелді.
Отбасым Филипинде тұрады. Олармен күнде хабарласып тұрамын. Келер жолда Алматы мен Астана қалаларында аялдадым. Бірақ, аралап үлгермедім. Қазақстан – Азия мемлекеттерінің бірі. Ал  қазақ халқының ас мәзіріне келер болсақ, ол да өз елімнің тағамдарына ұқсас келеді, сондықтан бұл жағынан да қиындық туындамады. Тек біздің елдің балығын қатты сағындым. Қалай болғанда да, ұлттық асханаға қиындықсыз бейімделдім,-дейді филиппиндік ұстаз.IMG_0760
Ол қазақ халқының кейбір дәстүрлеріне қызыға қарап, небәрі, 3 айдың ішінде біразын үйреніп алған. «Қонақжайлылық пен кеңпейілділік – екі ел арасындағы ұқсастық» дейді.         
Қазақстандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына қарап отырып, қазақстандық балалардың білімді  жоғары бағалайтынын, олардың пәндер бойынша қосымша сабақтарға белсенді қатысуы, қызығушылықтары, білімге деген ынталары Иан Фил Канлас мырзаны ерекше таңқалдырған. Егер Қазақстандағы білім беру жүйесін қарасақ, онда  оның болашақта алдыңғы қатарда болатынына сенім білдіреді.
Сондай-ақ, Канлас қазақстандықтардың тәу етер Тәуелсіздігінің маңыздылығын жақсы түсінеді. Барша қазақстандықтарды алдағы 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «ынтымақ пен татулық туын көтеріп жүрген, жер бетіндегі тамаша халықтың мерейі асқақтай бергенін қалаймын» дейді.IMG_0780
-Қазақстанның әр азаматы елдің көркеюі мен дамуын қамтамасыз етуде, бейбітшілікті нығайтуда. Төзімділік пен түсіністікті таныта білуге тілектеспін. Бәлкім, әрқайсыңыз елдің дамуында  өз үлесіңізді елеусіз деп есептерсіз,бірақ ауқымды  іс кішігірім істерден басталатынын естен шығармаған жөн. Осы мерекеге  қатыса алатыныма шексіз ризамын,- дейді Иан Фил Канлас.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓