Жаңа жылда 4 күн демалыс
«Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» ҚР заңына сәйкес, қазақстандықтар Тәуелсіздік мейрамы кезінде 16-17 желтоқсанда, ал жаңа жылда қаңтардың 1-нен 4-не дейін демалады.

«ҚР ұлттық және мемлекеттік мерекелер деп белгіленген күндер еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып табылады. ҚР мерекелік күндері жұмыссыз күндер болып есептеледі. Егер мейрам аптаның демалыс күндерімен сәйкес келсе, содан кейінгі күн мерекелік күн болып есептеледі» делінеді заңнамада.