Елбасы Жолдауын жастар да қолдап отыр

Елбасының Жолдауы қостанайлық жастар тарапынан да қуатты қолдауға ие болуда. Кейінгі толқын, әсіресе, мемлекет басшысының өздеріне артып отырған сенімін үлкен жауапкершілікпен қабылдайды. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған межелі міндеттерді жүзеге асыруға ниетті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы мен студенттері Елбасының үндеуіне үн қосты.IMG_0584
Қазір жаһанды дағдарыс діңкелетіп тұрғаны рас. Әлемнің алпауыт елдерінің өзі экономикалық тұрғыда қиындықтарға тап болуда. Жасыратыны жоқ, сол дағдарыс Қазақстанға да кері әсер ететіні белгілі. Бірақ, біздің жас мемлекетімізде бүгінде жағдай тұрақты. Іркіліс жоқ, ілгерілеу бар. Дамудың дара жолында, қарқынды қадам басып келеміз.  IMG_0590
Қазір Қазақстанның өзге мемлекеттермен терезесі тең. Дамыған елу елдің қатарында. Бірақ, біздің орын отыздықта болуы керек. Мемлекеттің негізгі меже-мүддесі де осы. Ал, алдыға қойған мақсатты бағындыру үшін әр отандасымыз Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға өз үлесін қосқаны ләзім.  
«Нұр Отан» партиясы ҚОФ Төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова жиында студент жастарға Елбасының Жолдауын жеткізіп,  сөз сөйледі.
-Жаһанды жалмап келе жатқан дағдарыста Елбасы әрқашан жастарға сенім артады. Елдің келешегі болар жас өскін күйзелісті шақтарда халық арасында жетекші орында рөл атқару керек. Мұқалмай, тек алға беттеп, білімін жетілдіруі қажет. Себебі, қандай жағдай болмасын Президент білім беру мәселесін кідірткен емес,-дейді. IMG_0602
«Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол»! Міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы»!  Елбасы халықа Жолдауында осылай деп, жастарға екпін түсірді, сенім артты. Ал, кейінгі толқын сенімнің ар жағында үлкен жауапкершілік жатқанын біледі. Білгендіктен, білім алуға, бәсекеге қабілетті болуға тырысады.
-Біздің еліміз бұдан да қиын кезеңдерді басынан өткізген. Тәуелсіздік алған жылдарда да түзу жолға түсіп, бағытымзды айқындай алдық. Демек, қазақ жұрты сол уақыттағыдай бірлігі мен ынтымақтастығын сақтап қалса, бізге алынбайтын қамал жоқ. Оның үстіне, қазір біздің елде экономикамызға үлкен үлес қосатын кәсіпорын көздері көп. Машина жасап, азық-түлікті өзіміз өндіре аламыз,- дейді ҚМПИ ректоры Қуат Баймырзаев. 
Шәкіртақының өсетінін естіген студент қауымның қуанышында шек жоқ. Өйткені, мемлекет басшысы әлемдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, білім саласын және сутенттерді назардан тыс қалдырмады. Қолдау көрсетуде. Бұндай игі іске педогтар мен шәкірттердің алғыстан басқа айтары жоқ. Олар Елбасының демеуіне дән риза. Сәйкесінше, еңбекті еселеп, сенімді ақтауға күш салмақ.
-Өзге елдің азаматтары біздің Президентімізді мықты саясаткер ертінде таниды. Ол кісінің кез келген мәселелердегі шешімінде саяси жүрістері мен көзқарастарынан байқауға болады. Біраз елді састырып отырған дағдарысқа қарамастан, Елбасы шәкіртақы мен жалақыны көтеруі халыққа деген жанашырлығын білдіреді,-дейді ҚМПИ студенті Айдана Өміржанова.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓