“Қостанай таңы” – өңірдің төл газеті
Басылымның Жанкелдин ауданындағы күндері
2011 жылы "Қостанай таңы" газеті Жанкелдин ауданында 1100 данамен таралыпты. Ал 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында 1500 данадан асып кетті. Аудан басшылары келешекте газеттің таралымы осы межеден түспейді деп уәде етті.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, облыстық "Қостанай таңы" газетінің күндері өткен аптада Жанкелдин ауданында жал-ғасты. Жалпы, біздің басылымның негізгі оқырмандары осы өңірлерде. Сондықтан, қазағы қалың қос ауданға газет ұжымы ерекше құлшыныспен аттанды. Торғай жері ежелден қонақжай өңір. Кім барса да бар ықылас-ниетін танытып, құшақ жая қарсы алады. Бұл жолы да аудан басшылары сол ата дәстүрден жаңылған жоқ. Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров "Қостанай таңының" ұжымын орта жолдан күтіп алды. Сол күні аудан әкімі А.Кенжеғарин газет өкілдерімен кездесіп, ой бөлісті. Аудан мал шаруашылығымен айналысады. Ептеп егін егеді. Жергілікті тұрғындар қорасынан өрген төрт түліктің арқасында ештеңеден тарығып отырған жоқ. Қолы епсептілері бау-бақша салады, көкөністің түр-түрін өсіреді. Сондықтан бұрынғыдай емес Торғайда көші-қон тоқтаған. Иншалла, бүгінде ауданда 15 мыңнан астам адам тұрады. Халық саны жылдан-жылға өсіп келеді. Бұл енді қуантарлық жағдай! Тіпті, шалғай ауданда бизнесті өркендетуге бейілді азаматтар да барлығын байқадық. …Межелі мезгілде көп күткен мәжіліс басталды. "Қостанай таңы" газетінің Директор-Бас редакторы Жанұзақ Аязбеков жиналғандарға басылымның бүгінгі бет алысы туралы азды-кем баян етті. Осыдан кейін ол кездесуге келген ағайынды ашық пікір-таласқа шақырды. "Көкейлеріңізде қандай талап, тілек бар? Нендей өтініштеріңіз, ұсыныстарыңыз бар? Сыни пікірлеріңіз болса, оны айтыңыздар. Біз Сіздерді тыңдауға келдік", – деп ағынан жарылды. Сол-ақ екен, залда отырған ел ағалары, ауыл ақсақалдары бастап бірқатар газет оқырмандары өздерін толғант-қан мәселелер төңірегінде, газет туралы ой-пікірлерін төгілт-ті. Ара-арасында Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның белді ән-шісі Манапбек Қадыров Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шолақтың әндерін әуелетеді кеп. Белгілі журналист Қыдырбек Қиысқан да қалыспайды. Ол Қазтуғанның, Ақтамберді жыраудың термелерін толғағанда жайбарақат тыңдау мүмкін емес. Айтпақшы, осы жолы Торғайдан ерекше дауысты, талантты бір жан көрдік. Оның есімі Асыл Хамзина екен. Жас әнші ақын Т.Молдағалиевтің өлеңіне жа-зылған Нұрғиса Тілендиевтің "Көктемді қондырып қанатына" әнін орындағанда еріксіз елти-сің. Тарихи өңірдің аты әрқашан осындай талантты азаматтардың арқасында озғаны баршаға жақсы белгілі. Ендеше, Асылға да алар асуың көп болсын деп тілейміз! "Қостанай таңы" газетінің күн-дері аясында жақсы бір дәстүр қалыптасты. Ол жер-жерде газеттің "Жанашырлар клубын" құру және басылымға тұрақты жазып жүрген, қаламының желі бар жас тілшілерді тарту. Сол үшін екі аталым бойынша бір топ белсенді азаматтарға газеттің Алғыс хаттары, арнайы куәліктер және сый-сияпат жасалды. "Қостанай таңы" газетінің "Жанашырлар клубына" Жанкелдин ауданы бойынша алғашқы төрт кісі мүшелікке енді. Олар – қарт қаламгер, ұзақ жылдары бойы облыстық газеттің Жанкелдин ауданындағы меншікті тілшісі болған Әмірхан Абдуллин, жергілікті ақын Ахметқали Нұржан, аудандық мәслихаттың депутаты, елағасы Кәкімжан Кәрбозов және белгілі кәсіпкер Кәмпит Елеуітова. Газет басшысы Ж.Аязбеков "Қостанай таңының" кітапханасы" сериясымен жарық көрген жазушы-журналист Сәлім Меңдібайдың "Тұмарымыз-Түркістан" және Қанзила Кәкімжанованың "Аманат әңгіме" атты жинағын Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің кітапханасына тапсырды. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушылары Назерке Нұралықызы, Ерік Есенкелді, Н.Иванов атындағы орыс орта мектебінің оқушылары Аймекен Сапарова, Кәмшат Қойшыбек және Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы Аякөз Қожабековаға "Қостанай таңы" газетінің "Жас тілшісі" куәліктері мен арнайы сыйлықтары табыс етілді. Қысқасы, тараптар жы-лы шырайда өткен жүздесуден үлкен әсерге бөленді. Ешқайсысы өз ойларын іріккен жоқ. Кері-сінше, нақты ұсыныстар айтылды. Бұдан газет ұжымы ұтпаса, ұтылмасы анық. Кездесудің соңына таман газетіміздің тұрақты оқырмандарының бірі, қазақтың ұлттық киімдерін, түрлі төсеніштерді тігумен шұғылданатын ісмер жан – Клара Жалкенова газет ұжымына "Қостанай таңының" таңбасы бейнеленген оюлы сандықшаны сыйға тартты. Мұндай тарту-таралғыны аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров те жасады. Ол: "Газеттің мұражайын жабдықтасаңыздар, кәделе-ріңізге жаратарсыздар", – деп аралбайлық белгілі шебер, ұста Мәлік Диханбаев жасаған торсықты сыйлады.
Ауылдағы ағайынның да айтары бар
"Қостанай таңы" газетінің күндері шалғай ауылдарда да ұйымдастырылды. Біз барған Сужарған ауылы кезінде аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі болатын. "Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейтіні" тәрізді Сужарған ауылынан да ажар тая қоймапты. Бұл ауылдан да сонау жылдары жүздеген отбасы өзге өңірлерге қоныс аударды.Соған қарамастан, елді мекеннің еңсесі биік, ырысы ортаймаған.

Оқырмандар айтқан оймақтай ой:
– Аудан жастары бизнеспен айналысқысы келеді. Бірақ, шағын кәсіп-керлікке бөлінген ақшасын дер кезінде ала алмай қиналады. Соған ықпал жасап, жөн сілтеп отырсаңыздар орынды болар еді.
– Қазіргі кезде біздің аудан тұрғындарының үш мың данаға жазылуына мүмкіндігі бар екен. Ал, әзірге "Қостанай таңы" ауданға 1500 данамен тарайды. Демек, халықтың 50 пайызы газетке жазылмайды деген сөз. Сондықтан, осы жағын ойлас-тыру керек.
Қабжәлел ӘЛІБЕК, Торғай кентінің тұрғыны, зейнеткер:

Түбекбай ӘУБӘКІРОВ, Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары:
– Облыстық "Қостанай таңы" газеті біздің Торғай жұртшылығына етене жақын. Олай дейтінім,1931-36 жылдары бұл басылым біздің Торғайда шығарылды.Сондықтан, "Қостанай таңы" газеті біздің өз газетіміз деуге болады.

– Мен қазақтың ұлттық киімдерін, оюлы көрпе-жастық,басқа да бұйымдарды тігумен айналысамын. Біздің ауданда мұндай шебер кісілер өте көп. Соларды насихаттау жағы әлі де болса кемшін.
Әсем СЕРІКБАЕВА, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп директорының орынбасары:
Биыл Ыбырай мектебі-не 150 жыл толады. Бұл мектептен кезінде Ахаң, Жақаңнан бастап талай ұлт зиялылары оқыған. Сондай мақтаныштарымызға арнап арнайы бет ұйымдастырсаңыздар екен.

– Мен өз басым "Қостанай таңы" газетінің тұ-рақты оқырманымын. Балаларым үйге бір емес, екеуін алдырады. Айтайын дегенім, ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин туралы көбірек жазсаңыздар екен. Біз Ыбыраймен мақтануымыз керек. Ыбырайды мадақтағанымыз жөн.
– Мен өзім 1958 жылдан бері "Қостанай таңына" жазыламын, ол кезде басылым "Большевиктік жол" деп аталатын еді. Сіздерге айтар тілек көп. Табыс тілеймін. Бір айтар өтінішім, біздің қазақтың сонау нәубет жылдары жоғалтқаны көп. Сол туралы жиі жазсаңыздар екен. Таралымдарыңыз көбейе берсін!
– Журналистер ел ішінен шыққан спорт саңлақтары туралы көп жазса екен. Көп ретте небір жампоз жігіттер тасада қалып жатыр. Сосын шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мақалалар жиі жарық көрсе деген ұсыныс айтар едім. Сонда кәсіпкерлер де газетке жазылар еді.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.