Білімнің қайнар бұлағы

   Қазіргі кезде мултимедиалық технологияның, сан түрлі ақпараттың жан-жақтан ағылуынан жаныңа жақын, рухани күш беретін кітап сәл де болса тасада қалған секілді. Алайда  жақсы кітап оқысаң, бейне бір өміріңнің жаңа бір кезеңін ашып, ойыңа ой қосылып, тағылым-тәрбие аласың. Ал, кітап сыйлау арқылы қуаныш сыйласаң – тіпті керемет.  Міне, осындай жақсы бір іс-шараны  ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен Bookcrossing – саяхат» атты желілік әлеуметтік акциясы болып өтті.IMG_2109
– Жинаған кітаптарымызды Алтынсарин ауданындағы Свердлов орта мектебіне  сыйладық. Осы тұрғыдағы акциямен кітапсүйер оқырмандарымыз етене таныс деп ойлаймыз. Себебі «Буккроссинг» акиясын 2001 жылы Рон Хорнбекер ойлап тапты. «Буккроссинг» деген не? Ол – адам мен кітап арасындағы байланысты жақындататын, кітап оқуға шақыратын қозғалыстардың бірі. «Буккроссинг» акциясының ережесі бойынша, оқыған кітабыңды қоғамдық көпшілік орынға (кафе, саябақтар т. б.) қойып, арнайы жапсырмасымен тастап кетесің. Кейін бұл кітапты тауып алған адам оқып, дәл осылай басқа оқырманның оқуына мүмкіндік береді. Тауып алған кітапты қоқысқа тастамай, белгілі бір орынға қойып кетеді, осылайша келесі оқырманның әлгі кітапты оқуына мүмкіндік береді. Буккросерлардың мақсаты бір – әлемді үлкен кітапханаға айналдыру. IMG_2116
     Жаппай кітап оқу,  әсіресе, оқушы балалардың, жасөспірім мен жастарымыздың арасында азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге айналдырудың  ешқандай артықтығы жоқ. Егер адам кітапқа қарай жүргісі келмесе, онда кітаптың өзін адамға қарай жүргізіп, оны оқырман орбитасында шыр айналдыру, адамдардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру,-деді Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз маманы Абылай  Қасымов.IMG_2168
     «Оқып болсаң, досыңа бер» қағидасы негізінде  ұйымдастырылған акцияға оқушылар, ұстаздар және мектепте  жұмыс істейтін басқа да мамандар-қызметкерлер қатысты. Шараға қатысушылар үйлерінен көркем және ғылыми-танымдық әдебиеттермен қоса  түрлі кітаптар, сөздіктер тапсырып, тамаша топтама жинақтады. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Свердлов орта мектебіне өздерінің жылы лебіздерімен құттықтау тілектерін  бейне таспа арқылы жеткізді. «Білім көзі – кітапта» атты бұл саяхат жыл сайын өзінің жалғасын таппақ.IMG_2028
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓