“Бағдаршам” – үйірмесінен үйренеріміз көп

Мына суретке қараңызшы.   Оқушы балалар қызыға, ынтамен жол ереже қауіпсіздігі ережелерін үйрену үстінде. Қостанай қаласындағы №24  бастауыш мектеп-гимназиясында көп жылдардан бері "Бағдаршам" үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге білікті ұстаз Зәкира Қалдаманова  жетекшілік етеді. Арнайы жабдықталған, жүйелендірілген бөлме бар.
IMG_8545
– Жол қауіпсіздігі ережелерін  оқушы балаларымызға тек қана үйірмеде ғана емес жыл бойы  сабақтарымызда, түрлі байқау мен сайыстарда ескертіп, жолда абай болуын айтып отырамыз. Балалар сонымен қатар қаламызда  өтетін, ұйымдастырылатын жол қауіпсіздігі ережесіне арналған түрлі байқауларға, олимпиадаларға, сайыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие боламыз. Жаңа оқу жылы басталғанда, аяқталғанда, жазғы каникул кезінде  осы жол ережесі қауіпсіздігіне арнап  мектебімізде үлкен іс-шара ұйымдастырамыз, жас ерекшеліктеріне  қарай сайыстар мен байқаулар ойын түрінде,  сүйікті мультфильм я болмаса ертегі кейіпкерлерінің көмегімен жол қауіпсіздігі ережесінің заңдылықтарымен танысады, – дейді ұстаз.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓