Борышкерлермен күрес жалғасуда

Қостанай облысы прокуратурасы алиментті өндіру мәселесін шешу үшін республика бойынша бірінші рет ведомствоаралық жоспарды бекітті. Құзырлы орган мұндай қадамға ата-аналардың балалары алдындағы қарызы көбейіп кеткеннен кейін барған.
Қостанай қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жоспар борышкерлерді жұмысқа орналастырады. Жұмыс тобы құрылғаннан бері 195 қарызгер жұмыспен қамтылған.
Қостанай қаласы прокуратурасының бөлім бастығы З.Әбдірахманованың айтуы бойынша, қазір аумақтық бөлімде 200 млн. теңгеге жуық 4 мың атқару өндірісі бар.
"Біздің араласуымызбен 4 қылмыстық іс қозғалды. 104 борышкер 524 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі баласына алимент төлемей жүрген бір борышкердің автокөлігі тәркіленіп алынды", – дейді З.Әбдірахманова.
Шұға                        
               ҚОҢҚАБАЙ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓