ДІНИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАША БАҒЫТ АЛДЫ

Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми дамуды қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық болып табылады. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, білімін дамыту. Өйткені қай мемлекеттің де негізгі тірегі білімді де білікті, иманды да парасатты, іскер де, белсенді адамдар.
Ал діни білім беру деген  – мемлекеттік оқу орындарындағы дін туралы білім немесе дін қызметкерлерін дайындауға бағытталған ілімді білдіреді. Әлемнің көптеген өркениетті мемлекеттерінде діни білім беру оқу орындарында бұрыннан жүйелі жүргізіліп келеді. Өйткені, қай уақытта болмасын діни білімге халықтың сұранысы болған.1422246663_meshit-munarasy
Осы мақсатта «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдаманың басты мақсаты – бәсекеге қабілетті дін мамандарын даярлау. Даярланған дін мамандары халыққа ислам дінінің негіздерін, дін атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар мен ұйымдардың діни идеологиясын ислам дінінің ханафи мазхабынан ажыратып бере алатын, бүгінгі діни ахуал жағдайында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және жастар арасында экстремистік және лаңкестік идеялардың алдын алу мақсатында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жоғары, сауатты деңгейде жүргізетін болады.
ҚМДБ қарасты мешіттер ендігі кезекте діни сауат ашу курстарында тек құран кәрім әліппесі, ғибадат, ақида секілді пәндермен шектелмей  қазақи салт-дәстүрмен біте-қайнасып, ұлттық санаға сіңіскен этикалық құндылықтарға негізделген ислами ұстанымдардың ерекшеліктерін көрсетіп, жан-жақты түсіндіріп оқыту уақыттың талабы екені ақиқат. Әрине, мұндай жұмыстар діни сауат ашу курсының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Өз кезегінде, қабылданған тарихи тұжырымдама жастардың діни сауатын ашуға деген қызығушылықтарының артуына қызмет етері сөзсіз.  
Бір данышпан: «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді»-депті.  Сондықтан бүгінгі заманның талабына сай әрекет етуге деген уақыттың сұрасынан туындаған тұжырымдама. Тұжырымдама бойынша қолға алынған діни білім алу  жұмыстары қоғамды көркейтуге, иманды, рухани өресі биік жастарды тәрбелеуге қызмет етері даусыз. Бір сөзбен айтқанда тұжырымдамада діни білім беру қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіндіктер көрініс тапқан. 
 
 Т.Әбуов
Дін істері комитетінің
Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу
және талдау орталығының бөлім басшысы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓