“Қару”: 34 заңсыздық әшкереленді
Қостанай облысында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Рейдтің алғашқы күнінде рұқсатсыз қару сақтаған 34 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Облыс бойынша 830 азаматтық қару иелері тексеріліп, лицензиялық-рұқсаттама жүйесі ережесіне қайшы 40 құқықбұзушылық әшкереленді. Сот қарауына 8 материал жіберілді.
Полицейлер заңсыз айналымда жүрген 7 бірлік қаруды тәркіледі. Оның 4-і – тегіс ұңғылы, 2-і – электрлі, 2-і – қолдан жасалған қару. Аймақ тұрғындары өз еріктерімен 13 қару және ойық атыс қаруына арналған 6 оқ-дәрі тапсырды. 9 азамат қару ұстау рұқсатынан айырылды.
Мәселен, Қарабалық ауданында РФ 44 жастағы тұрғынынан тіркелмеген Police модельді ұңғысыз электрлік қару тәркіленді. Ол 20 АЕК көлеміндегі айыппұл арқалады.
Қарасу елді мекенінің аңшылық шаруашылығы аумағынан 27 жастағы қостанайлық ұсталды. Одан тірекуде жоқ "ТОЗ-34" маркалы аңшылық тегіс қос ұңғылы қару, 12 калибр және 22 патрон тартып алынды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, операция мақсаты – облыс аумағына атыс қаруын қолданумен жасалатын қылмыстарға қатысты ескерту жасау. Жедел алдын алу шарасы 14 қарашаға дейін жалғасады.