Президент күніне арналған жиын

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінде өтті.
Аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин “Нұр Отан” партиясы мен аудан әкімдігінің атынан барша торғайлықтарды мерейлі мерекелерімен құттықтады.IMG_1819
-Бүгінгі жеткен әр жетістіктерімізде Елбасының айшықты қолтаңбасы бар. Бұл ел тарихына алтын әріптермен жазылған еншіміз. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт – бағдар берген Тұңғыш Президентіміздің халық алдында еңбегі зор. Шын мәнінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз бен дініміз қайта оралды.

IMG_1874

 24 жыл ішінде биік белестерді бағындырып, 50 елдің қатарына кіріп, бой түзедік. Ендігі мақсат ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу деді,- өз сөзінде аудан басшысы Асқарбек Ахметбекұлы.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Тыныштық Әбжамалов Тәуелсіздік алған аз уақыт ішінде жеткен жетістіктерге тоқталып, ауданның әлеуметтік – экономикасының жақсаруы, мемлекеттік бағдарламалар мен көптеген ірі жобалардың іске асуы халықтың әл – аухатын арттырудағы игілікті істер екендігін тілге тиек етіп, Мемлекет басшысына деген ризашылық сезімін жеткізді.

IMG_1834

Сонымен қатар Сарысу негізгі мектебінің мұғалімі Аян Құспек аудан жастарының атынан мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, ізгі ниетін білдірді.
Мерекелік жиын соңынан аудандық мәдениет үйі мен өнер мектебінің өнерпаздары және “Балдырған” балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері мереке құрметіне патриоттық  ән – шашуларын жолдады.
 
                                                                                     Б.АХМЕТБЕК

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓