Көрпе астында

Қостанай шекара отрядының «Қайрақ авто» бақылау бөлімшесінде бүгін түнгі сағат 02.35-те «Қостанай – Челябинск» бағытында «КамАЗ» автокөлігімен жол жүріп бара жатқан екі қазақстандықтар ұсталды.машин
Уақиға төмендегідей өрбіді. 46 жастағы автокөлік жүргізушісі Т. Шатқаяқов төлқұжатын тексертіп болып, автокөлігіне қарай беттеген кезде, көлікті тексермек болған шекарашыларға тексерудің қажеттілігі жоқ екенін айтып, жалынып-жалпайып, әбігерге түсті де қалды. Шекарашылармен бұндайда сөз қысқа. Олар өз міндеттерін ешқандай талқылаусыз орындайды. Көлік жүргізушісінің әбігерге түсетін де жөні бар екен, кабинадағы жатын бөлікте, көрпе-жастықтың астында жасырынып жатқан 56 жастағы А. Дудиды шекарашылар бірден-ақ тауып алды. Оған Қазақстаннан шығуға тыйым салынған екен. Шекаралық тексеруден өтуге берілген түбіртекте тек Т.Шатқаяқовтың аты-жөні ғана көрсетілген. Жазаны екеуі бірге бөлісетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓