Қолдауға лайық Жолдау

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын теледидар арқылы көріп, қолдау білдірген жерлестеріміз аз емес. Солардың бірі – 76 жастағы ұзынкөлдік Сақып Бексұлтанова. 8 бала өсірген батыр ана бүгінде 20 немереден 3 шөбере сүйіп отыр. Әжей Қостанайда тұратын ұлы Бауыржан мен келіні Аягөздің шаңырағына қыдырып келген екен. Бұл отбасы биылғы тамыз айында КСК шағын ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты үйден пәтер алыпты.IMG_2681
Сақып әже Елбасы Жолдауын жыл сайын елмен бірге күтетінін айтты. Ал биылғы  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбын қамтыған Жолдау ерекше есте қалады деп отыр. Себебі, ол әлемдік дағдарыс кезіндегі әрекеттерге арналған әрі өтпелі кезеңнен шығудың бағдарламасы бекітілген дейді.
– Бізге Елбасымыз айтқандай, ең бастысы тыныштық керек. Береке-бірлік, халықтың бүтіндігі болса, мемлекетіміз кез келген дағдарысты еңсеріп шығады. Өз басым солай болатынына сенемін. Президентіміз теңгемен өмір сүруге шақырды. Оны құптаймыз. Қазір барлық тауарды теңгеге сатып алып отырмыз. Мені тағы бір қуантқаны, қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жастан асты дейді Елбасы. 10 жылдың ішінде 64 жастан 72 екіге дейін бүкіл халықтың орташа өмірін ұзарту ешбір елдерде кездеспегенін айтты. Ал зейнетақы жинақтары тек ел бюджеті тапшылығын толықтыру үшін пайдаланылатынын естідік, – дейді қарт ана.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓