Жетім балаларға қамқорлық

Ата-анасының мейірімінсіз қалған жазықсыз бүлдіршіндерге қандай көмек көрсетсек те жарасады. Бұл орайда Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің қызметкерлерінің қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары күллі еліміздегі бауырларымызға үлгі-өнеге десек, қателеспейміз.жетімдер 1
Мысалы, жақында жоғарыда аталған мешіттің наиб имамы,  Асқар Мейрамбекұлы бірқатар жамағаттармен бірге облыс орталығындағы тәрбиеленіп жатқан жетім балаларды аквапаркке алып барды.
Содан кейін облыстық балалар үйінде балақайлардың құрметіне дастарқан жайылды. Олар өздеріне көрсетілген осынау қайырымдылық және ізгілік шараларына дән риза болып, жүздерінен қуаныштың лебі есті.
Бір тоқтала кетер жай, игілікті іске облыстық мешіт қызметкерлері мен киелі орынға жиі келіп тұратын жамағаттар демеушілік етті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің  баспасөз қызметі.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓