Шағын футболдан жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай ауданымыздың Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа аудан орталығынан және ауылдық округтерден спортшылар қатысты. 

1751

Жалпы жарысқа қатысқан команда саны – 15. Жарыс қортындысы бойынша І орынды Жұмыспен қамту командасы жеңіп алды, ІІ орынды Алтын дала командасы жеңіп алды, ІІІ орынды Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасы жеңіп алды.
Осы жарыста үздік ойын көрсетіп, Құмкешу ауылының команда мүшесі Жасталапов М. Үздік қорғаушы атағына ие болды, Жұмыспен қамту командасының мүшесі Қайырбеков А. Үздік шабуылшы атағына ие болды.

1749

Алтын дала командасының мүшесі  Жұмабеков А. Үздік қақпашы атанды. 

1750

Жарыс барысын бас төрешілер мен медициналық қызметкерлер бақылап отырды. Жарыс тартысты және қызықты өтті.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓