“Газет– менің көзім, құлағым”
Бұл еңбек ардагері Мереке Ахметованың сөзі

– Теледидардан көрген дүниенің бірін түсінсем, бірін түсінбеймін. Сондықтан керегімді газеттен іздеймін. Газет-менің көзім, құлағым. Облысымыздағы жаңалық, хабар-ошар, бәрін-бәрін осы басылымнан біліп отырамын. "Қостанай таңы" менің он жылдан бергі серігім. Әрбір айдың нөмірлерін бөлек-бөлек жинап қоямын. Бұрыш-бұрышын қалдырмай оқып шығамын. Әсіресе, спорт туралы мақалаларды жіберген емеспін. Өзім "Тобыл" футбол командасының жанкүйерімін. Сондықтан қостанайлық футболшылардың ойынын қалт жібермеймін,– деді қарт ана Мереке Ахметова.
Қымбат ДОСЖАНОВА