Үздік психолог Қостанайда тұрады

Балқаш қаласында ІV Республикалық «Үздік жыл психологы» сайысы өтті. Облыстық кезеңнен сүрінбей өткен, Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің психологы Дана Тлебаева Республикалық деңгейде астықты өлкенің намысын қорғады. Конкурсқа тапсырылыған жұмыстарды Алматы, Астана, Қарағанды қалаларының ЖОО-дағы білікті мамандары және педагог-психологтары бағалады. IMG_2254Байқауда бақ сынаушылар өздерін таныстырып, авторлық жұмыстарын көрсетіп, эссе жазып, тест тапсырды. 
Мамандыққа машықтанған жантанушылардың арасында Қостанай облысының атынан барған Дана Тлебаева өзгелерден оза шауып, «Үздік жыл психологы» атанды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓