Өңірдің барлық мектептерінде педагогикалық кеңес өтті
19-тамыз күні облыстың барлық 490 мектебінде онлайн режимінде педагогикалық кеңес өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынымдарына сәйкес онда оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды мәселелері қаралды.
Карантиндік шаралар жағдайында әрбір педагогқа оқу жылының қалай басталатынын жеткізу өте маңызды болды. Педагогикалық кеңестерде интернет-платформаларды таңдау және әрбір нақты мектептің жұмыс форматы, кезекші топтардың жұмыс тәртібі айтылды. Мектеп формасының мәселесі тағы да аталып өтті: осы оқу жылында балаларға ыңғайлы және ұқыпты киіммен жүруге рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Оқу жылы басталғанға дейін әрбір оқушы тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылында әсіресе бағалау ережелерін өзгерту мәселесі ерекше қарастырылды: енді тек БЖБ және ТЖБ бағалары ғана емес, сонымен қатар сабақтардағы күнделікті формативтік бағалау да назарға алынатын болады.
Жалпы педагогикалық кеңеске Қостанай қаласындағы №24 бастауыш мектеп-гимназиясының ұстаздары да белсене қатысты. Себебі биылғы оқу жылында оқыту процесінде көптеген өзгешеліктер бар. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін мектептер кезекші топ құрылады. Білім ошағының басшысы Д.Сүйіндікова әріптестерімен бірге алдағы оқу жылына дайындықты пысықтады.