Сарыкөл диқандары салтанатқа бөленді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылық саласына байланысты алға қойған міндеттерді біздің ауданның еңбеккерлері де ойдағыдай орындап, ел игілігі жолында елеулі еңбек етіп келеді.
Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде солардың құрметіне орай ауылшаруашылық қызметкерлерінің күні аталып өтілді. Осылайша, аудан, облыс, тіпті еліміздің еңсесін көтеруге атсалысып жүрген еңбеккерлердің еңбегі еленді.IMG_4230IMG_4197
Алдымен, аудан әкімінің орынбасары Асқар Жақсыбаев өңірдің ауыл шаруашылық саласының 10 айлық жұмыс қорытындысын  жариялап, баяндама жасады.   

IMG_4133

 

Бұдан кейін алғашқы құттықтау сөз Қостанайдан келген құрметті қонақ, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Байбосын Мурзинге берілді. Байбосын Байбатырұлы өз сөзінде Сарыкөл ауданының облыс қамбасына  қосқан астық үлесі – 469,3  мың тонна екендігін айырықша атап өтті. Сондай-ақ, біздің аудан аймақ бойынша астық өнімділігі жағынан алдыңғы қатарда тұрғанына тоқталды, яғни шығымдылық орта есеппен гектарына 15,8 центнерге тең.

IMG_4142

 
Мәртебелі мейман өз сөзінен соң: – «Өтемісов», «Саурбаев» , «Өтетлеуов», «Аллахвердиев» сынды шаруа қожалықтарының басшылары мен «Современник» ЖШС директорын аймақтың агроөнеркісптік кешенін дамытуға қосқан үлестері үшін облыс әкімінің грамотасымен марапаттады. Оған қоса он қызметкерге аудан әкімінің мадақтамаларын табыстады.

IMG_3910

 

IMG_4169

Сахна төріне аудан әкімі Эльдар Күзенбаев көтеріліп, жиналғандарға ізгі тілегін жолдап, «Нұр Отан» партиясының дамуына сүбелі үлес қосқан облыстық мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Амангелді Жалғасовтың кеудесіне «Қазақ хандығына – 550 жыл» атты мерейтой медалін тақты.  Ал, 22 адамға өз атынан мадақтама қағазы және ақшалай сыйлықтарын сыйлады. Сондай-ақ, Эльдар Қонысбайұлы төрде отырған бір топ еңбек ардагерлеріне алғыс айтып, естелік сыйлықтар тарту етті.

IMG_4220

Сарыкөл диқандарына арналған салтанатты шара соңы Алтынсарин ауданы мен біздің өнерпаздардың концертімен жалғасты.

IMG_4293

Әрине, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астықтың әр дәнін төкпей-шашпай жинап алып, оны уақытында қамбаға құйып, асқан ерліктің үлгісін көрсеткен дала диқандарының еңбегі құрметтің қандайына да лайық!
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы. 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓