Қостанайда қауіпсіздікті арттыруға бағытталған акция өтті
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында акция ұйымдастырды. Орталық базар аумағында, қала орталығында, сонымен қатар тұрғын-үй алаңқайларында мемкемелердің қызметкерлері мен тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертті. Сондай-ақ, стендеттерді жаңарту үшін плакаттарды, супермаркеттерде болған келушілерге және базар сатушыларына 5300 дана парақшалар таратты.
Бұдан басқа, «Өрт қауіпсіздігі» сенбілігінде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер аула аралауды жүргізді. Азаматтарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулар берілді, соның ішінде пеш жылытқыштары мен газ құрылғысын эксплуатациялау ережелерін қадағалау туралы парақшалар табысталды.
Біздің техникалық прогресстерге толы дәуірде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тоқтамай өсуде, сондықтан тұрғындарды азаматтық қорғау саласында үйрету, олардың іс-қимылы қауіпсіздігі мәдениетін жетілдіру аса маңызды. ТЖ аймағына қалған адамдардың дұрыс іс-қимыл жасағаны – олардың құтқарылу кепілі.
Қауіпке ұшырағандағы алғашқы минуттерде сезімге берілмей, ойынызда құтқару жоспарын ойластыру аса маңызды. Жанып жатқан пәтерден сатылық марш арқылы эвакуациялану мүмкін болмаса, балкон сатысын қолданыңыз, ал егер ол болмаса, онда балконға шығып артыңыздан есікті мықты жабыңыз, және өтіп бара жатқандардың және өрт сөндірушілердің назарын өзіңізге аударуға тырысыңыз.
Қысқы мерзімде пешпен жылыту біздің облыстың көпшілік тұрғындары үшін негізгі жылу көз болып табылады. Дәл осы уақытта статистика көрсеткендей үйдегі от жоғары қауіптің көзі болуы мүмкін. Сол себепті, күн суыта бастағанда пеш жылытқыштары мен газ құрылғыларын қолдану ережелерін сақтамағандықтан өрттердің саны күрт өседі. Оларды дұрыс эксплуатациялағанда қайғылы жағдайдын алдын алуға болады.
Осылай, теориялық білімдерге ие бола отырып және оларды тәжірибеде қолданғанда ТЖ байланысты ауыр зардаптарды болдырмауға болады.
Қостанай облысының ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы