“Қостанай таңы” мүшәйраға шақырады

Облыстық "Қостанай таңы" газеті редакциясы осы басылымның негізін қалаушы, қазақ халқының біртуар ұлы, журналист-жазушы, тағдыр тәлкегіне түскен қайыспас қайсар тұлға Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуы мен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне (28 маусым) арнап ақындар мүшәйрасын өткізеді. Бұл шара Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов ескерткіші қасында, ашық алаңда өтеді. Мүшәйраға қатысамын деген талапкерлер өз өлеңдерін екі дана етіп, алдын ала газет редакциясына (қабылдау бөлмесіне) "Мүшәйраға" деген белгімен тапсырады. Әрбір ақын көп дегенде екі өлең оқиды. Жеңімпаздарды анықтау үшін ақын-жазушы, журналистер қатарынан әділ қазылар алқасы құрылады. Мүшәйра жеңімпаздары "Қостанай таңы" газеті редакциясының арнайы дипломдары және демеушілердің ақшалай сыйлықтарымен марапатталады. Олардың өлеңдері газетте жарияланады және "Қостанай таңының" кітапханасы" сериясымен шығатын кітапқа енгізіледі. Талабы таудай үлкен-кішіні мүшәйраға қатысуға шақырамыз!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓