«Тобыл» – үздік үштіктің қатарында

Облыстық баспасөз клубында спорт саласының майталмандары қонақта болды. Тілшілер сауалына «Тобыл» баскетбол клубының директоры Сергей Волков пен осы команданың бас менеджері, ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы Виктор Ряскин жауап берді.IMG_0816
Өткен маусымда қостанайлық бренд «Тобыл» толайым табыстарға жетті. Ерлер арасындағы Жоғарғы лигада (ЖЛ) үшінші орынға ие болған баскетболшыларымызға өкпе жоқ. Бұл маусымда Астана және Алматы қалалары мен әр облыстан 12 команда бақ сынады. Қостанайлықтар финалдық кезеңде Атыраудың өзі аттас клубына есе жіберді. Дегенмен, жігіттер қола үшін өткен ойында астаналық «Тигрді» жеңді. Осы спорт түрінен ҚР кубогінде жерлестеріміз күмісті еншілеген болатын.

IMG_0829

– Алғашында іркілістердің болғанын жасырмаймыз. Шешуші матчтарда бапкер қойған тактика өз жемісін берді. Сондай-ақ, трансферлік кезеңде Украинаданекі баскетболшымен келісімшартқа отырдық. Үстіміздегі жыл біз үшін табысты деуге толықтай негіз бар,-деді клуб директоры.

IMG_0830

Бүгінгі «Тобыл»баскетбол клубы үш командадан жасақталған. Яғни, ұлттық лига, жоғарғы лига және жастар командасы өз жетістіктерімен қуантып жүр. Осы арада кадр тапшылығы, жарақат алған баскетболшылардың орнын басарлық ойыншылар мәселелерін оңай шешіп жүрміз дейді құрама басшылары. 
Баскетболшылардың ішінен пайдалы өнер көрсеткендерді атап өтіңіздеген сұрақ қойылды. «Тобылдың»бас менеджері Виктор Ряскин рудныйлық Валиевті, қостанайлық жас өрендер Романенко мен Лиді болашағынан көп зор үміт күттіретін баскетболшылар дейді.     

Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓