Жеңіс біздікі!
Қазақстан Ұлттық чемпионатының кезекті 5-ші тур ойындарына сәйкес Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдап, 4:1 есебімен ойсырата ұтты.
Ойынның алғашқы таймы 0:0 есебімен тең аяқталғанымен, бар қызық екінші таймда басталды.
Кездесудің 59-шы минутында «Тобыл» қақпашысы Александр Петуховтың қателігін пайдаланған Геворг Наджарян есеп ашты. Аралда 4 минут өткенде «Тобылдың» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев 18 метр жерден нысананы дәл көздеді. 1:1. Арада тағы үш минут өткенде Н.Жұмасқалиев дубль авторы атанды. 82 минутта оң қанаттан атойлап шыққан Томаш Шимкович таблодағы есепті 3:1-ге жеткізсе, 90 минутта Нұрбол «Шахтер» қақпасына төртінші допты тоғытып, өзінің биылғы маусымдағы алғашқы хет-тригін жасады.
Әлібек ЫБЫРАЙ
"Тобыл" осы қарқынынан жаңылмаса биыл біраз жерге шабады. Тілек ортақ жігіттер. Жеңсін және екінші мәрте чемпиона атансын!
Осы жолы "Тобылдың" ойынына тәнті болдым. Нұрболға рахмет! Сәтін салса "Атырауды" жеңеді әлі.
Ұлықбек Бакаевты қайтару керек!