8 елді мекен газбен қамтылады
Бүгін облыс әкімі А. Мұхамбетов Астана қаласына жасаған іссапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК және «ҚазТрансГаз» АҚ-мен Қостанай облысы әкімдігі арасындағы өзара әрекеттестік және қызметтестік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында А.Мұхамбетов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы С.Мыңбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры К.Шәріпбаев Тобыл өңірінің экономикалық өсімін қамсыздандыруды көздейтін ұзақ мерзімді және барлық тарапқа тиімді қызметтестік туралы келісім-шарт жасасты. Бұл, сәйкесінше, облысты газбен қамтудың кедергісіз іске жүзуіне және газ желілерінің тиісті талап бойынша ұсталуына кепіл бола алмақ.
Сөйтіп, жоспар бойынша, «КазТрансГаз» АҚ облысты көгілдір отырмен қамтуды, соның ішінде ауылішілік газ құбырларын жүргізуді қолға аламқшы. Атап айтқанда, 8 жаңа елді мекен – Әулиекөл ауылы, аманқарағай стансасы, Лисаков қаласына қарасты Октябрьский ауылы, Қарабалық ауданындағы Тоғұзақ елді мекені, Денисов ауданындағы Алчанов және Антонов ауылдары, Федоров және Қашар ауылы таяу болашақта көгілдір отын игілігін көреді деп күтіледі. Осы арқылы облыс тұрғындарының 60,3 пайызы газбен қамтылады.
Алдын ала пішімдер бойынша, 2016-2017 жылдары «КазТрансГаз» АҚ қарастырмақ қаржы 7 млрд. теңгеден артық болады, облыстық қазынадан 2 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінбек. Дей тұрғанмен, бұл есептер жобалық-сметалық құжатнамалар қаралымының қорытындысы бойынша және мемлекеттік сараптаманың мақұлдауынан соң қайтадан түзетілуі бек мүмкін.
Қосымша деректер: Қазіргі уақытта облысқа қарасты 600 елді мекеннің 64-і газбен қамтылған, оның ішінде 4 қала – Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара және 7 ауданның 60 ауылы көгілдір отын шарапатын көріп отыр. Абоненттер саны 165 мыңнан асады. Әзірге, газбен қамтылған тұрғындардың үлес салмағы 53,4 пайызды құрайды.
Ж.Жүсіпбек