Әли Келденов – Қарт Торғай

MVI_0325.MOV.21_25_04_06.неподвижное изображение002Әли Келденов Қостанай облысы, Жанкелдин (Торғай) ауданының Қызбел ауылында 1992 жылы туған. Әли – жарық әлемді көру мүмкіндігінен айырылған жігіт. Оны құдай зағип қылып жаратқан жоқ. Аяқ асты ұшырасқан бейнет, тап келген тағдыр тауқыметі көз нұрын тартып алғалы, әрі кетсе, 5-6 жылдың айналасы. Дегенмен, жаратушы оның бойына, айырбасқа, ақындық қабілетті дарытайын дегендей. Өйткені оқып-тоқу, жазып-сызу дағдысын шарасыздықтан ұмыт қалдырған ауыл баласының "шумақты шумаққа соғуын" ақындық дарынның ұшқыны демеске лаж қалмайды. Айтуынша, соңғы екі-үш жылдың маңайында оңаша ойда кетіп, іштей күбірлеп, төрт сөздің басын біріктіруді әдетке айналдырыпты. Өлеңдерін екінші біреудің көмегі арқылы ғана қағазға түсіреді. Ал, былайнша, оқып беруге қолқалай қалсаңыз, еш мүдірмейді, жадының мықтылығына тәнті боласыз. Әрине, өлеңдерінде кемшіліктер жоқ емес. Олай болуы, мүмкіндігімен байланыстыра қарасаңыз, заңды да. Оны да жүре-келе түзелетін мін деуге болады. Әлі жас. Бағыт-бағдар сілтеп жіберсе, тіптен нұр үстіне нұр. Қош. Талапкердің түбітқанат туындыларының бірін, таңдай қақтыра алмаса да, өзінің оқуында назарларыңызға ұсынып көрейік.   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓