Қостанайлық палуандар олжалы оралды
Жақында Талдықорған қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті. Үш күн бойы Жетісу жерінде боз кілемге шыққан 220 палуан өзара мықтыларды анықтады.
Осы турнирде белгілі бапкер Жұмақан Қасымханов бастаған Қостанай облысының құрамасы 5-ші орынды иеленді. Жекелеген салмақта белдескен Марина Мамонтова 75 келіде қарсылас шыдатқан жоқ. Ол ел чемпионы атанды. 90 келіде кілемге шыққан Тоқтар Жиентаев жүлделі екінші орынды иеленді. Ал 55 келіде сынға түскен Әлішер Мұхамеджанов чемпионаттың қола жүлдегері атанды.