«Бақытты отбасы» жобасы жүзеге асуда
Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында "Нұр отан" партиясы "Бақытты отбасы" жобасын қолға алды.
Жоба аясында қаламыздағы №4 емханада "Еркін пікір" жас-тар клубының отырысы өтті. Отбасы құндылықтарының сақталуын насихаттау үшін "Еркін пікір" клубының жастары бас қосып, пікір алмасты. Семинарға қаламыздағы колледж студенттері, "Қазақтелеком" АҚ -ның жас мамандары, ХҚО, "Еуразиялық банк" АҚ №7 филиалының жастары және психологтар қатысты. Басқосуда отбасы институты, ата-ананың ұрпақ алдындағы жауапкершілігі туралы айтылды.