ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ТОП БАСТАДЫ
Павлодарда волейболдан ҚР XXIV Чемпионаты жалауын көтерген болатын. «А» жоғарғы лигасында өнер көрсететін «Динамо-Қостанайдың» аяқ алысы тәп-тәуір. Бірінші турдың кезекті ойынында жерлестеріміз оңтүстік астананың намысын қорғап жүрген «Ұшқын-Искрамен» кездесті. Қостанайлықтар алматылық қарсыластарын төрт партияда 3:1 есебімен ұтты.
«Динамо-Қостанай» командасы осы турдың беташар ойынында Өскемен қаласынан келген «Алтайды» жеңген еді. Естеріңізге сала кетейік Қостанай облыстық ІІД қызметкерлерінен жасақталған бұл құрамасының былтыр «В» лигасында атой салған-тын. Осы арқылы жоғарғы лигаға өтуге мүмкіндік алды.
Жалпы ҚР біріншілігіне барлық облыстан сегіз кәсіби команда қатысып жатыр. Спортшылар енді Чемпионаттың бес турын өткізуі тиіс
Қасқырбай Қойшыманов