Эпидахуал: +115
13 қарашада Қостанай облысында коронавирус 115 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 34, Рудный қ. – 16, Қостанай ауданы – 15, Жітіқара қаласы және Федоров ауданында – 10, Лисаков қаласы және Б.Майлин ауданында – 5, Алтынсарин және Мендықара аудандарында – 4, Әулиекөл, Қамысты, Қарабалық және Сарыкөл аудандарында – 3.
92 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 23 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 105 адамда ауру белгілері болды, 10 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 13 қараша аралығында COVID-19-ды 38 330 адам жұқтырды. Емделіп шыққан адамдардың саны – 35 521.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 334 641 адам, екінші компонентпен 311 183 адам вакциналанды.