«Сөз құдіреті» байқауынан жүлдемен оралды

Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік  сезімді ұялату, өскелең ұрпақты еліміздің қаһарман тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұрпақтар арасында сабақтастық қалыптастыру және жасөспірімдердің Ұлы Отан соғысы туралы әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында Амангелді аудандық балалар кітапханасы «Сөз құдіреті» ІІ-ші облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізген болатын. Осы сайысқа Амангелді ауданының барлық мектептерінен және ауылдық округтердің мектеп оқушылары қатысып, І орынды Б.Қолдасбаев жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Қаршыға Айым жеңіп, Қостанай қаласында өтетін облыстық байқауға жолдама алған болатын.

IMG-20151112-WA0004

Міне, осы облыстық кезең Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылып, Амангелді  ауданы атынан намысын қорғап «Сөз құдіреті» ІІ-ші облыстық мәнерлеп оқу байқауында актерлік шеберлігі, орындауы жоғары бағаланып, Қаршыға Айым Нұрболқызы  І орынды иеленді. Жеңімпаз дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды.
 
З.Мұсабаева 
Амангелді ауданы
 

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    жарайсын Айым!!! тек алга саттилик!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓