Әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты

Облыстық баспасөз клубында – кезекті бас қосу. Бұл жолы Таран ауданының әкімі Б.Өтеулин өңірде атқарылған істер жайында әңгімелеп, журанлистердің сұрақтарына жауап берді.
“Таран ауданында әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты” деп бастады баяндамасын аудан басшысы. Индустрияландыру картасы аясында астық сақтау қоймасы қолданысқа енген. Жоба құны – 1,6 млрд. теңге. 40-60 мың тонна астық сақтауға қауқарлы жобаның арқасында 44 жұмыс орны ашылды. 

IMG_7205

Элеватор Таран, Қамысты, Жітіқара және Денисов аудандарының шаруашылықтарының егіндерін сақтап, кептіруге жол ашылған. Элеватор сағатына 50 тонна бидайды өткізе алады. Бүгінгі күнде элеватор 6,5 мың тонна егінді қабылдап үлгерген.Ауданда “Сыбаға”, “Алтын асық”, “Ырыс” мемлекеттік бағдарламалары аясында мал басы көбейген. Мысалы, 256 бас ірі қара, 367 қой, 129 асыл тұқымды сиыр, “Мұғалжар” тұқымдас 20 жылқы алынған. Малдың басы көбейсе де, ет тапсыру қиын мәселе болып отыр. Ауданда тек 2 шұжық өндіру цехы бар. Сүт өнімдерін шығаратын орынның жоқтығы көп істерге кедергі. Бұл бағытта жұмыс істеп, кәсіпорын ашамын дейтін кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге аудан басшылығы дайын екендігін білдірді.
Ауданның экономикалық ахуалы “Варварин” АҚ-на тікелей байланысты. Биылғы жылы мыс концентратын өндіру көлемі 11 мың тоннаға қысқарған. Кәсіпорынның өндіріс жоспары жыл соңына дейін төмендей бермек. Бірақ әзірге бұл көрсеткіш жұмыскерлердің саны мен жалақысына әсер етіп отырған жоқ.
Аудан экономикасын инвестициялауға 4,9 млрд. теңге құйылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,6 млрд. теңгеге кем. Шағын және орта бизнес жақсы дамыған. Шағын кәсіпкерлікпен 2270 адам айналысады. “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы аясында ауданда 9 жоба мақұлданған.
“Ақ бұлақ” бағдарламасы аясында Тобыл кентінде құбырлар жөнделген. Жоба құны – 1 млрд. 155 теңге. Десе де, қазіргі дағдарысқа байланысты келер жылы жүзеге асып жатқан көптеген бағдарламалардың көлемі қысқаруы мүмкін. 
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓