Балалар неге жоғалады?

Кім білсін, адам баласы азғындалып кетті ме, әйтеуір ересек адамдардан бөлек сәбилердің із-түссіз жоғалып, қылмыскерлердің қолынан қаза болып жатқандарын жиі еститін болдық. Елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының қайсы біріне назар аударсақ, төрткіл дүниенің әр түкпірінде орын алған зорлық-зомбылықтың сан түрін естіп, көріп келеміз.
бала-жоғалу
Бұл әлемдік проблема. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын Еуропа елдерінде – 70 мың бала, АҚШ-та – 1,5 млн бала, Ресейде – 15 мыңға жуық бала жоғалады. Қазақстан аталмыш елдерден халық саны жағынан әлдеқайда төмен сатыда тұрса да, балалар мен жасөспірімдердің жоғалу деңгейінен кем түспей тұр. Елімізде жыл сайын мыңдаған бала жоғалады екен. Жартысы сәті түсіп табылып жатса, қал-ғандары жендеттердің қолынан қыршынынан қиылады. Ресми деректер бойынша елімізде 16 жасқа дейінгі зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың саны 2011 жылы – 148, 2012 жылы – 236 болса, өткен жылдың жарты жылдығының өзінде-184-ке жеткен. Жуырда Қостанай өңірі жұртшылығының жағасын ұстатып, елең еткізген сұмдық оқиға болған еді. Рудный қаласының жеті жасар тұрғыны Виктория Ганя өз үйінің ауласында ойнап жүріп, ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын. Бір ай көлемінде жоғалған сәбиді іздестіру үшін үш мыңға жуық жұмысшылар мен еріктілер жұмылдырылып, аймақты аралап, жер-жерден іздеген болатын. Ақыр аяғында, бір ай салып кішкентай қыздың өлігі табылды. Бесіктен белі шықпаған бала зорлаушының арам пиғылынан қаза тапқан. Қылмыскер әлі табылған жоқ. Адамдық қасиеті қалмаған азғын бостандықта. Полицияның ақпараты бойынша ол 30-35 жастағы, бойы орташа келген еуропалық ер адам болуы мүмкін. Бүгіндері ата-аналар балаларын бір сәтке болса да, көзден таса қалдырудан қорқатын болды. Ел-аман, жұрт тынышта талтүсте баланың жоғалғанын естіген соң, амалы қанша. Құдай сақтанғанды, сақтайды. Барынша сақ болып, балаларға көп көңіл бөліп, олардың өздеріне де сақтық шараларын айтып отырса игі.
Салтанат ГИЗАТ,
Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 3-курс студенті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓