Зейнетақы мен жәрдемақыны жымқырып келген

Таран аудандық соты «Қазпошта» АҚ филиалының қызметкерлері Орынтай Конопиянова мен Светлана Митакқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Олардың екеуі де өз қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланып, өзгеге тиесілі мүлікке қол сұқты деп танылып отыр. Айыпталушылар мұндай заңсыздыққа бірнеше мәрте барған. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.пенсия
Қылмыстық іс материалдары бойынша, байланыс операторы болып істеген О.Конопиянов, мекеме маманы С.Митакпен бірлесе отырып, 2013 жылдың 5-қарашасынан бері тарандықтардың шотынан ақша жымқырып келген. Конопиянованың міндетіне күн сайын аударылым жасап, зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақы беріп, жеке шоттар мен заңды тұлғаларға депозиттер ашу кірген.
         С.Митак Конопияноваға клиенттердің жеке шотынан астыртын ақша шешіп, ұрлап алу үшін «құрбандар» тізімін даярлап беріп отырған. Өздерінің қызметтік мансабын пайдаланып, басшылықтың көзінен таса зейнеткерлердің, жағдайы төмен азаматтар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің қозғалымсыз шотынан тиын-тебен «кертіп» отыруды әдетке айналдырыпты. Кесірінен «Қазпошта» АҚ мемлекет алдында қомақты берешекке батқан. 2 345 033 теңге қылмыскерлердің қалтасында кеткен.сот
          Бұл әйелдерге сот 5 жыл шартты мерзіммен жазасын өтеу үкімін кесті. Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ пайдасына О.Конопиянова мен С.Митак тарапынан 1 295 575 теңге өндіріліп береді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Ж.Балғынбекұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓