Шеберлік шыңдайды

Қай мамандықты алмайық, олардың атқарар өзіндік міндеті, ерекшелігі бар.  Бүгінгі нарық заманында әр маман иесі жүйелі ойлап, кәсіби мәдениетімен, шығармашылығымен, құзыреттілік пен біліктілігімен көрінуге тиіс-ті. Ол оңай  да емес, бірақ уақыт талабы сол. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалында болып өткен «Бөлімшенің үздік жетекшісі» байқауында осы қағидаларға мән берілді.IMG_9126
– Әр саланың маманы кәсіби мазмұны мен құзіреттілігіне, біліктілігіне қарай қарастырылады. Қазіргі кезде ол маманымыз жан-жақты, теориялық білімін тәжірибемен байланыстыра отырып, қызметін заманға сай бәсекелестікпен атқаруы қажет. Шеберлік пен кәсіби біліктіліктілік уақыт өте жинақталатыны белгілі. Сондықтан  біз әңгімелеген сол мамандарымызға ең алдымен бағыт-бағдар беретін жетекші ғой, рас, жетекші болу оңай,  соның ішінде жақсы жетекші тіпті қиын.  Міне, осы байқаудың өткізіліп отырғаны да сондықтан. IMG_9104Мәселен, байқауға қатысушы әр бөлім жетекшісіне қойылатын  өлшем бар, сол өлшемдер арқылы комиссия рейтингіні анықтайды, мысалы атап айтсақ,  жергілікті органдармен бірлесе отырып бөлімшенің орындаған жұмысы қай деңгейде, әдістемелік жұмыстарға жетекшінің қатысуы нәтижелігі, бөлімшенің кірісі, қоғамдық жұмысы, бөлімше қызметкерлерінің біліктілігін арттыру іс-шаралары еңбек және атқару тәртібі, сыбайластық заңнамасын сақтау деген секілді,-деді  жылжымайтын мүлік орталығы директорының орынбасары  Өмірзақ Серімов.IMG_9098Қатысушылар байқаудың әр кезеңінде өздерінің жұмыс жасау қабілеттерін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндіктерін, кәсіби маман, жетекші екендіктерін көрсете білді.  Бысалы, бірінші кезеңде  орталық бөлімше жетекшілерінің рейтингілерінің қорытындысын шығару және сараптау қарастырылса, екіншісінде «Мемлекеттік техникалық тексеру саласында инновациялық технология» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамаларында казіргі жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, атқаратын жұмыстарын қалай жетілдіруге болатындығын көрсетті, дәлелдеді. Қатысушылардың еңбектерін сараптауда олардың еңбек өтілі, біліктілігі,  техникалық тексеру туралы жариялымдары, марапаты да назарда болды.IMG_9096
       Сонымен, байқау қорытындысында Аманкелді аудандық бөлімшесінің жетекшісі Сәбитбек Мұқанов «Үздік жетекші» номинациясының жеңімпазы атанды. Ал, үздік инновациялық баяндама деп Рудный қалалық бөлімше жетекшісі Лариса Яговкинаның  еңбегі танылды.
 
Гүлназым САҒИТОВА,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓