Ұстаздар жарысты

Өткен аптада Ұзынкөл ауылында ҚР Президенті күніне арналған ұстаздар арасында волейболдан аудандық жарыс болып өтті.5oyovt8dk71
Жеребеден соң № 1 және № 2 Ұзынкөл орта мектептері спортзалдарында қызу жарыстар басталды. Оған 12 команда қатысты.Сынға түскен ұстаздардың ойын өрнегі жанкүйерлер тарапынан ыстық қабылданып отырды. Жарыс қорытындылары бойынша: 1 орын, сонымен қоса ауыспалы кубогын Сокол орта мектебінің командасы иеленді, 2 орында – Россия орта мектебінің спортшылары, ал 3-ші орынды  Федоров орта мектебі волейболшылары жеңіп алды. 

ұстаздар

Барлық жарыс жеңімпаздары мен қатысушылары аудандық білім беру бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан мадақтамалар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓