«Қостанай облысының меценаттар клубы» қоғамдық қоры байқау жариялады

«Қостанай облысының меценаттар клубы» ҚҚ «Қазына» және «Шабыт» сыйлығына үміткерлерге  мына номинациялар бойынша конкурс жариялайды:
  1. Бейнелеу өнері
  2. Әдебиет
  3. Театр өнері
  4. Музыка өнері
  5. Вокал өнері
  6. Хореография
  7. Журналистика
  8. Ғылым
  9. Мәдени мұра (тек «Қазына» сыйлығына)
  10. Ауыл жанашыры
  11. Білім
  12. Шығармашылық ұжымның басшысымеценат
Конкурсқа мәдениет және өнер қызметкерлері, шығармашылық ұжым жетекшілері, журналистер, ақындар, жазушылар, ғалымдар, білім беру саласының қызметкерлері қатыса алады.
   «Шабыт» сыйлығына үміткерлердің жасы 18 жастан бастап 35 жасқа дейін, «Қазына» сыйлығына 35 жастан бастап және одан жоғары.
    Конкурсқа қатысуға ұсынылатын барлық көркем жобалар, жұмыстар, қойылымдар және т.б. 2015 жыл ішінде басылуы, жариялануы, қойылуы, дайындалуы тиіс, жоғары шеберлігімен және  мазмұндылығымен ерекшеленіп, республикалық және халықаралық   байқауларда, фестивальдерде танылуы қажет.
Үміткерлер құжаттарын 2016 жылғы 5 ақпанға дейін:
  • «Көркем сурет өнері» номинациясында Қостанай қ., Алтынсарин көш., 113 үй (сурет галереясы) мекен-жайы бойынша, т. 502-888;
  • «Ғылым» номинациясында Қостанай қ., Алтынсарин көш., 115 үй (облыстық тарихи-өлкетану мұражайы) мекен-жайы бойынша, т. 501-113;
  • «Журналистика» номинациясында Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 90 үй («Костанайские новости» газетінің редакциясы) мекен-жайы бойынша, т. 54-54-95;
  • «Әдебиет» номинациясында Қостанай қ., Алтынсарин көш., 111 үй (Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы) мекен-жайы бойынша, т. 500-322;
  • «Театр», «Мәдени мұра» номинациясында (тек «Қазына» сыйлығына) Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 60 үй (Мәдениет басқармасы) мекен-жайы бойынша, т. 575-326;
  • «Білім» номинациясында Қостанай қ., Майлин көш., 2А үй, 302 каб. (Білім басқармасы), т. 575-317;
  • «Музыка өнері», «Вокал өнері», «Хореография», «Ауыл жанашыры», «Шығармашылық ұжымның басшысы» номинацияларында Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 111А үй (облыстық көркемөнер халық шығармашылығы орталығы), 307 бөлме мекен-жайы бойынша, т. 392-395, тапсыру қажет.
  • Анықтама телефоны: 575 – 326

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓