ЖАСЫЛ АЛАҢДА – ӘУЕСҚОЙЛАР
Шағын футболдан қалалық Лига кубогі аяқталды. Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл жарыс екі айға созылды. Ең үздікті анықтау үшін әуесқойлардан құралған 7 команда сынға түсті. Талас-тартыстағы кездесу үшінші орын үшін өтті.
Қостанай қаласы ІІБ Қамысты ауданының ІІБ футболшыларынан 1:4 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен ойын соңына қарай жігерлік танытып есепті теңестіріп кетті. Ал пенальти лотереясында қамыстылықтардың жолы болып, қола медальді еншіледі.
«Технодом-Аренадағы» финалдық ойында «Троя» және «Динамо» командалары кездесті. Қақпашылардың керемет сейвтері мен техникалық әдіс-тәсілдерге толы болған матч троялықтардың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Екі ай бойы әуесқойлар лигасының кубогі үшін таласқан «Троя» 2015 жылғы чемпион атанды.
Осы команданың шабуылшысы Дмитрий Швецов турнирдің «Үздік ойыншысы» деп танылды.
Айта кетейік, қысқы турнирге барлық командалар жолдама алды.
Қасқырбай Қойшыманов