“Алтын белгіден” екі үміткер
Рудный қаласындағы № 7 орта мектебінде үстіміздегі оқу жылында 11 сыныпты 26 оқушы бітіріп, үлкен өмірге қанат қақты.
Сол түлектердің арасында екі оқушы, Әнипа Нұрмағанбетова мен Саягүл Сәрсенова "Алтын белгіге", ал, Инеш Мағипарова ерекше аттестатқа үміткер қатарында. Оларға Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тілеп, үкілеген үміттері орындалсын демекпіз.