Жаңа заңның жаңалығы

Құқық қорғау органдары саласында өмірге келіп жатқан заңдар мен заңнамалардың қазіргі заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылып жасақталуы күнделікті қоғам қажеттілігінен туындап отырғаны даусыз. 2015 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа нұсқасы қолданысқа енетіні белгілі. Заңнамадағы азаматтардың еңбек құқығын бұзу жауапкершілігі арта түспек.
Дәлірек айтқанда, жұмыс берушіге азаматтарды еңбек келісім-шартынсыз жұмысқа қабылдауға жол берілмейді (86 бап). Сондай-ақ, жұмыс беруші жұмысшыға екі жыл қатарынан еңбек демалысын бермесе (88 бап); ҚР еңбек заңнамасында көрсетілген жұмыс кестесінен тыс жұмыс беруші тарап үстеме жұмыстарды заңсыз арттырса (89 бап); жұмысшының тең еңбегіне сәйкесінше еңбек-ақы төлемей, жұмыс беруші тараптан кемсітуге жол берілсе (90 бап); ҚР еңбек заңнамасында көрсетілген еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарға аттестация жүргізу жөнінде жұмыс беруші тарап заңнама талаптарын сақтамаса (94 бап); ҚР еңбек  заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес өндірістегі қайғылы оқи-ғаны тергеуге атсалыспаса (95 бап); өндірістегі қайғылы оқи-ғаны  жасырса  (96 бап),  аталғандардың барлығы құқық бұзушылық болып саналады.
Бұдан бұрын аталған құқық бұзушылықтардың барлығына бірдей жауапкершілік жүктелген болса, жаңа заңнамада әрбір құқық бұзу фактісіне жеке жауап береді.
Алдағы жылдан бастап жұмыс беруші жұмысшыға екі жыл қатарынан еңбек демалысын бермесе, жауапты тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес мекемелерге – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60, ал ірі кәсіпорындарға – 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеу жазасы енгізілмек.
Д.КӘРІМОВ,
Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓