«Таза ел- таза Отан!»
Таран. «Жастар бастамасы орталығы» Таран ауылының волонтерларымен бірлесіп, «Таза ел- таза Отан!» акциясын ұйымдастырды. 10 адамнан құрылған жұмыс тобы өзеннің жағалауын тазалады. «Барлығымыз Швейцария елінің аула мен көшелерінің тазалығын үлгі тұтамыз.
Ал өзіміз қоқысты көшеде лақтырып жатамыз. Біз санамызды өзгертіп, өзіміз өмір сүріп жатқан ортамызды, туған жерімізді аялап, тазалық сақтауымыз қажет»,– дейді ұйымдастырушылар.