Қылмыстың алдын алу
Лисаков қ. Қалалық мәслихатының кезекті сессиясында «Жасөспірімдер арасында қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу» мәселесі қаралды. Қалалық ішкі істер бөлімінің басшысы Н.Байқасовтың айтуынша қала аумағында өткен тоғыз айда қылмыс 28,7% өскен.
Алайда, Н.Байқасов бірнеше мәселелерді көтерді. Қала жолдарында бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын жалғастыру, оқу орындарының маңайына жол белгілерін көрінетіндей етіп қоюды ұсынды.