Рәміздер ешкімнің меншігі емес

Мемлекеттік рәміздер ешкімнің меншігі емес. Елдің басты нышандарын  көзге іле  бермейтін мекемелер облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде  сынға алынды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов бірқатар кемшіліктерді атап көрсетті.

IMG_9193

-Облыстағы екі жүз қырық екі мемлекеттік мекеменің ғимаратында елтаңба көлемді етіп орналастырылмаған. Тіпті, көптеген салтанатты шаралардың барысында кейбір мемлекеттік құрылымдардың өкілдері рәміздерді рет-ретімен қоюды білмейді. Дұрысы-ту,елтаңба, әнұран емес пе.  Мұны қалайша шатыстыруға болады?!-дейді Жанділдә Мақанов.

IMG_9217

 
Бұдан да сорақысы, жекелеген мекемелер мемлекеттік рәміздерге жүрдім-бардым қарайтын тәрізді. Мәселен, Меңдіқара аудандық ауылшаруашылық бөлімінде мемлекет туы теріс ілінген. Ал облыстық сот ғимаратының төбесінде ұзақ уақыттар бойы жыртылған ту желбіреп тұрыпты.
-Мемлекеттік рәміздерді қолдануда мұндайға жол беруге әсте болмайды. Облыс орталығындағы жағдай дәл осындай болса, онда аудандар туралы мүлде жақ ашпай-ақ қою керек шығар,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.IMG_9208
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓