ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАҒДЫРЫ – ТЕК ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА
ҚМПИ филология факультетінің 1-курс студенті
Тіл – ұлт айнасы. Әрбір ұлттың өзіне ғана тән тілі болады. Бүгінгі таңда бүкіл жер шары бойынша шамамен алты мыңнан астам тілдер түрі бар. Қазіргі жаһандану үдерісі кезіндегі ұлтаралық қатынастарда қолданылатын негізгі тілдерге ағылшын, француз, орыс тілдері жатады.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – ұлттық байлығымыз және атадан қалған асыл мұрамыз. Түркі тілдес елдер арасында біздің тіліміз бай және анықтығымен, сондай-ақ, өзіне ғана тән ерекшелігіменен жоғары дәрежеге ие.
Конституция бойынша, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болса, ұлтаралық қатынастарда орыс тілі қолданылады. Осы заңның барысында қазақ тілі көлеңкеленіп қалды деп абыржитындар аз емес. Расымен де, қазақ тілінің тағдыры да тек қазақтың қолында. Еліміздің батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі түгелімен тұтаса қазақ тіліне деген құрметін адамдық сертіне айналдыра білуі қажет. Себебі, бұл тілдің бізден басқа иесі жоқ.
Ал орыс тілінің елімізде атқарар рөлі қандай? Бұл сұраққа данышпан Абай заманынан бергі уақытта бой көтере бастаған бүкіл қазақ зиялылар еңбегімен де тіл қатуға болады. Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатов ағартушылық ісіндегі бір сөзінде былай деген.
« Ақиреттік пайда үшін мұсылманша оқып, дінді танысаң, орысша оқып, орыс тілін үйреніп, өмірлік қажеттіліктеріңе қол жеткіз. Сонда, жеріңді, малыңды сақтайсың, басқалардан қорлық көрмейсің».
Дәл осы ой қазақ халқының қазіргі тіршілігінде орыс тілінің қаншалықты маңызды екенін айқындап берген.
Егер, заңда ұлтаралық қатынас тілін орыс тілі етпесе, қара қазақ бір тілменен шектеліп қалушы ма еді, кім білсін… Ең алдымен, орыс тілі елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдерімен қатынаста керек болса, екіншіден, таяз болып, мәдениеті бой көтере алмай қалған халқымыздың дамуы үшін қажет.
Ал еліміздегі тіл тағдырының мәселесін қазақтың өзі қолдан жасап отыр. Яғни, орыс тілі мен орыс әдебиетін меңгерген қазақтың біраз бөлігі өз тіліне осалдық танытып, «шала қазақтар» тобырын қалыптастыруда. Тіл мәселесіне келгенде, қазақ халқын екі топқа бөліп қарастыруға болады деп ойлаймын: таза қазақтар және шала қазақтар.
Таза қазақтарға тек қана қазақ тілімен шектелгендер және өз тілімен қоса, өзге тілдерді меңгергендерді жатқызуға болады. Ал шала қазақтар тобында өз тілінің өзегінен теуіп, өзге елдің мәдениеті мен тұрмысына еліктеген, сол арқылы өздігін жоғалтуға шақ қалған қазақтар кіреді. Десек те, бұл топта өз тілінде ойлаудан қалса да, өз тілінде ойын жеткізе алмайтын болып қалыптасқан қазақтар да бар.
Ащы шындық ауызда тұра алмайтын болғанымен, бұл мәселенің шешімін қалай шешуге болады? Тіл тағдырымен күресіміз қай кезге дейін жалғаспақ?
Бұл сұрақтарды да өркендегіш тарихтың есесіне қалдыра алуымыз мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес екені бәрімізге аян. Демек, тіл тағдырын әрбір қазақ өз қолына алып, тіліне деген құрметін бір сәтке де жоғалтпай, оны күнделікті тірлігінде адамдық келбетіне айналдыра беруі қажет деп ойлаймын. Сен не дейсің, замандас?
Жап-жаксы, копшілік ушін жауыр болган такырыпты котеріпті. Дурыс-ак, делік. Енді, айтылган ойын ісімен куаттаса жон болар еді… "Казакша сойлеу кажет" деп канша жерден айкайласак та, ортамызга бір орыс кіріп кетсе болды, тілімізді бурап шыга келеміз… (Баріне бірдей куйе жагудан аулакпын). Осындайды коргенде карнын ашады екен.
Айдос, өз басым қазақ тілін қатты жақсы көрегендіктен болар, сөйлесе қалған өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін біле ме екен соны анықтап алу үшін қазақша сөйлеймін. Қазақша түсінемін түсінемін дейтін дер де түсінбей мін дейтіндер де кездеседі
Орыс тілінің ырқына көнбей, әр жерде ана тілімізде сөйлесек, ешкім басымызды кесіп алмайды. Елімізде жүргенде жасқануды қойып, алдымызда қай ұлт өкілі тұрса да қазақша сайраған жөн.
Менің де айтқым келгені осы еді
Жулдыз, мына мақаланда М.Дулатовтың сөзін орынсыз қолданған сияқтысын деп ойлайм. Өйткені дәл мына айтқан сөзі қазір бізге (қазақ жастарына) ұран бола алмайды. Мүйіз шықса, ғасыр бойы орысша сөйлеп келе жатырмыз ғой. Біздің айтар ұран басқа болуы керек. Енді қанша адам боса, сонша пікір бар. Сосын… орта жасқа келіп қалған орыстілді қандастардан қайыр жоқ. Ана тілдің болашағы бізде: студенттер, оқушылар, тіпті балабақшадан басталуы керек.
Ол пікірді қолдану арқылы айтқым келгені : әр қазақ бір тілмен шектелмей, өзге тіл менен өзге әдебиетті тану арқылы қоғамдық ой өрісін кеңейту ге ұмтылуы керек деген ой болған
Сондай-ак, негізінен “Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр” деген мақалға байланысты елбасымыздын тіл мәселесінде ұстанып отырған саясатының астарлы мағынасын нұсқағым келген
Замандастар, орыс тілінен сонша шошитынымыз қалай? Басқа тілеп алған бәле емес қой. Ол да өзге біреудін ана тілі. Ең бастысы өзің сөйлеме. Оның үстіне демократиялы елде өмір сүреміз. Әркімнің өз еркі қай тілде сөйлесе де.
"Ана тілдің ертеңі – аналардың қолында, Аналардың ертеңі – мыналардың қолында…" дейтін Алмас Темірбайдың өлеңі бар еді. Сол айтпақшы, құр жыларман болып, ана тіл ертеңін үкімет-билікке арта бермей, халық болып, орта болып, отбасы болып, тұлға болып дамытуымыз керек. Құр бос әңгіме дәрі болмайды.
тілден басқа тема жоқ па?
Орысша білмегесін қазақ тіліне патриот бола қалмандаршы. қостанайда да қазақтар бар. білімдінің заманы болғасын, барлық тілді меңгеру қажет.
Орыс тілінде көркем сөйлей алмасам да, қарым қатынас барысында пайдалана аламын. Оз тілімізге патриот бола алмасак несіне адамбыз? Қостанайда қазақтар барын мен де білемін. Тіпті қазақи мәдениетті сақтаған қариялар көп деп айта аламын.
Салтанат, ұнамаса үндемей жаба салмадың ба.
"Қазақ тілінің тағдыры – тек қазақтың қолында" деп сонша үркітіп тақырып қойғанын бір түрлі екен, Жұлдыз. 17 млн.қазақ тұрғанда тіліміз жойыла қоймас.
Қазақстанда ғы қазақтар 17млннын 47% ын ғана құрайды. Ал менің айтқым келгені орыс тілін білмейтін қазақтар өзге ұлтпен қатынас барысында қашанға дейін қаймығуы қажет? Әр қазақ өзінен және өз кандасынан өз тілінде қатынас жасауды талап етуі тиіс. Сол арқылы оз тіліміздін мәдениетін қалыптастырып, өзге ұлт қа мазақ болмауымыз қажет. Мысалы, мен мақсатты гранитпен Астанадан Қостанай ға келгенде құжаттар туырлап жүргенмін. Сонда бір Орыс апайдан ламинат жасайтын жерді қазақша сұрадым түсінбеді. Орысша сұрағанымда орысша жауап берді. Ал мен “рахмет” дедім де рахметтын мағынасын білетін шығарсыз деп күлдім. Ал ол кісі оныма риза болып, жарайсың деді.
Сол 17 млн. казактын тен жартысы казакша сойлесе таубе дерсін. Онсыз да, уш тіл уйретеміз деп бесіктегі баланын миын ашытып жатырмыз. Отірік айтып не керек, балапандар казакша балабакшага барып орысша уйренуде. бір-бірімен орысша сойлесіп жур. Сен казак тілі жойылмайды дейсін. Біле білсен, АКШ-та азаматтык алгысы келген адам агылшын тілінен емтихан тапсыруы тиіс.халкы 100 пайыз оз тілінде сойлейтін мемлекет – мемлекеттік тілін осылай курметтейді. Біз не бітіріп жатырмыз?!
Сол сәт әр қазаққа үлгі болса екен деймін.
Бир биримизди жерден алып жерге салудын кажети жок. Оте дурыс макала. Бирак курмеуи шешими жок макала го. Дегенмен бираз дуние айтылган. Казак тилинин жагдайы костанай ониринде оте катты билинеди. Жумыла котерген жук женил болады демекши арким озинен одан кала берсе отбасынан айналасынан. Ен бастысы билик тизгининдеги ел агалары тилимизди шубарламаса бул да шешимин табар.
Жұлдыз, жазғанын әдемі-ақ. Бірақ, жауыр болған әңгіме. Мақаланда келісетін де, келіспейтін де жерлері бар. Айғаным, сенің айтқан сөздеріннің пәтуасы бар. Әркім өз айналасынан бастаған жөн. Бізге мұндай мақалалар енді көмектесе алмайды.
1-курстың балғын қызы үшін жақсы мақала, ниеті оң. Қазақ тілі қазақ үшін ғана керек. Тілден: дәстүр, менталитет, қазақ төл өнері, мәдениеті, бабалар мұрасы, дін-ұлттық болмысы бастау алады. Сондықтан нағыз өзекті мәселе. Көңіл қартаймайды дейді ата -әжелеріміз жақсы ән естісе үйреніп алып, жақсы киім көрсе сатып алып қуанады. Біз күлеміз ғой қайтеді деп. Олардың да талғамы бар, қуану, жасару құқығы бар. Сол секілді ұлттың ұлт болуы үшін ешбір шекара жоқ, кедергіні қолдан жасау қателік. Ұлт тағдыры бақша, мектеп, институт(бір ғажабы университет, академия емес институт деген атауды жақсы көрем)болып бөлінбейді. Достар, кәрі ағашқа да жас жапырақ шығады-көктемде.Сол секілді тіл үйрену, өз ұлтыңды зерттеу ешқашан кеш емес.Мәселе карьера, байлық қууда да емес, адал еңбек, ел қатарлы өмір ең бастысы ұлтжанды, ұлт мәдениетіне, әдебиетіне, өнеріне,дамуына үлес қосатын азамат болу. Озат болмасаң да өмірде жақсы болсаң шүкір. Ал тіл туралы ұсыныс көп, кім біледі?
Жауыр болды деген дұрыс емес. Бізге дейін де бір ғасыр айтылған, бізден кейін де айтылады. Қазақ тірі тұрғанда тіл мәселесі қашан толық орныққанша айтыла береді. Қазақ тілі өлмейтін,бай тіл.Өлмейтіні оны айтып отырған жастар бар.Он миллион қазақша сөйлейді.Мен Қостанайда үйде,аулада, аудиторияда,көшеде, бақта, дүкендерде өзара қазақша сөйлеп жүрген жасөспірімдерді жастарды көрген сайын тілдің жоғалмайтынына сенемін. Шала қазақтарға қарап тілден түңілме. Ащы шындықтан түңілме. Қайта тілді дамытудың жолын ізде. Көшелерде, үйлерде,вокзалдарда түрлі қазақша ойын, шара өткізудің амалдарын ойлап тап.Тіл әр адамға байланысты. Жүректе қазақ оты бар соңғы адам қалғанша,қазақ тілі мәңгі жасай береді.
Жарайсың Жұлдыз жақсы жазғансың!!!
Ен бастысы тақырыптың коп айтылған пикирлерде емес .Ен бастысы оны дұрыс аша білуде . Мен бұл тақырыпты оте қатты жақсы көрем. Жане бұл тақырып мемлекеттік деңгейде көтерілу керек қазаққа қазақтың жаны ашымымаса кимнин жаны ашиды.