Сәбидің денесінен неге хош иіс аңқып тұрады?

Кейбір адамдардың денесінен бұрын сезбеген бір хош иіс шығады. Бұл ненің исі екені белгісіз. Бұл иісті иіскеген сайын иіскегің келеді. Ал, кейбір адамдардың денесінен жағымсыз иісті сезгенде, ол кісінің қасына тұрғың кел­мейді. Бұл не? Бір ғана нәрсені білеміз – қоршаған ортаны тазарту үшін күллі өсімдік атаулы оттегі бөліп шығарады емес пе, адамның демі мен денесінен де оттегі шығады. Бұл оттегі кәдімгі ауа емес, Алладан келіп тұратын энергия.саби Кез келген адамда энергиялық сәуле (аура) өзімен бірге еріп жүреді, ол сәуле адамның мінез-құлқына, денсау­лығына, оның әдет, қылықтарына байланысты. Бұл жөнінде әл-Фараби: «Ғылымдардың шығуы туралы» кіта­бында: «Субстанция энергиясы қалыптасады, түрленеді, нұрланады, өседі, көбейеді, күшейеді, ауырады, өледі», – дейді. Медицинада оны «имоностатус» дейді, ал қазақ оны «аруақ» дейді. Мұның барлығы Аллаға бағынышты нәрселер. Қазақта: «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген сөз бар. Төртеу деген – Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс және Батыс. Солтүстік – ақыл, ал адам көп дүниені ақылмен шешемін деп ойлайды. Жоқ, ақыл адасады. Адам Аллаға тек иманмен ғана жақындай алады, иманмен ғана бақытты бола алады. Атам қазақ киіз үйдің есігінің үстіне ала арқанды жинап, іліп қояды екен. Кіріп келген кісінің көзі бірден ала арқанға түседі. Бақи әлем мен фәни әлемді жалғастырушы байланысы қызметінде көрінген. Демек, үйге кірген ауру, пәле-жаланы, адамдардағы ауыртпалықты жаңағы «ширатылған арқан» белгісі үйге дарытпайды. Ата-анамыз: «Балам, біреудің ала жібін аттама» деген сөзінің төркіні осыдан да шықса керек. Ал, Оңтүстік – қанағат, Шығыс – адалдық, егер ішке шындық кірсе, адамдағы без оянады да, әтірде де жоқ, керемет хош иіс шығарады. Батыстан бақ-дәулет келеді. Осы төрт құбыланың да иесі – Алла. Міне, төртеу түгел болса, төбедегі түседі деген сөздің мәні осы. Сонда не түседі? Таупық, хидаят, иман, береке түседі, Алланың аманаты түседі. Ата-бабаларымыздың: «Сүттен аппақ, балдан тәт­ті» деуі осы. Біз ата-бабалардан қал­ған құдіретті сөздердің ішіне кіре алмай жатырмыз. Қазақтың әр мақалының, әр сөзінің Құранмен байланысы бар. Ал, енді осының бәрі біздің ағзамызбен байланыста, ал ағза дегеніңіз – энергетикалық нүктелер. Біздің жасаған әрбір қателік, күнәміз бен кінә­мізден жаңағы нүктелер жабылып қалады. Сөйтеміз де ауырамыз. Алла адамды қайта тірілту үшін жаратады, Өзін есіне алсын деп ауыртады, Өзінен қорықсын деп өлтіреді.

 

You may also like...

1 Response

  1. Дана айтты:

    Сәби-таза. Рухани да, физикалық жағынан да. Адам не жесе соның иісі шығады деген де рас. Сосын денсаулық жағдайы, қарттық жас бар. Бірақ тазалық пен ластық  өз ізін қалдырады.  Жалпы арам ас, доңыз тұтынатын пенделер(олар көбінесе өзге ұлттар) Аллаң кімге тимесін,  есіктен кіргеннен мүңкіп жүреді. О баста қазақ  адал мен арамды дұрыс белгілеген. Ал енді "Төртеу түгел болса төбедегі түседі" таратып жазған жөн болды мағынасын түгел түсінбейтінмін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓