Перизат десе Перизат
Ол 8"а" сыныбының оқушысы. Мектеп-ішілік, қалалық, облыстық көлемінде өтетін мәдени іс-шараларға үнемі қатысады. Анасымен мектепішілік, қалалық іс-шараларда үнемі өнер көрсетеді. Перизат Науырзым тумасы. Ол Мырзабековтер отбасындағы бес баланың бірі.
– Анамның мамандығы жантанушы бол-ғанымен өнерге өте жақын кісі. Бізді кіш-кентайымыздан өнерге баулыды. Мен 2 жасымнан бастап сахнада ән салып жүрмін. Отбасымызбен қалалық, облыстық өнер сайыстарға жиі-жиі шығып тұрамыз. Перизат "Әнші балапан", "Алтын микрафон", сол секілді отбасылық "Отбасы – алтын ұя", "Жұлдызды сәт" секілді байқауларда өнер көрсеттік. Болашақта оташы дәрігер болғым келеді. Себебі адамдарға жақсылық, жылу сыйлағым келеді, – дейді Перизат.
Ғалымжан ЕСІМБЕКОВ.