Жүлдегер қаламгерлерге құрмет көрсетілді

Республикалық «Алтын көпір» аудармашылар байқауы таяуда мәресіне жеткен болатын. Байқау Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайтуды, тілдік мәдениетті дамыту, таратуды, қазақ әдебиетін насихаттауды көздейді. «Алтын көпірде» қостанайлық авторлар да жүлдегерлер қатарынан көрінді. IMG_6571«Поэзия. Қазақ тілінен орыс тіліне аудару» аталымы бойынша ақын Ақылбек Шаяхметтің «Ақсұлу» драмалық поэмасын аударған Әбдірахман Досов бірінші орынға ие болды. IMG_6566Ал, «Поэзия. Орыс тілінен қазақ тіліне аудару» аталымы бойынша Арсений Тарковскийдің өлеңдерін тәржімалаған Ақылбек Шаяхмет екінші жүлдені жеңіп алды.IMG_6572
Күні кеше қос жүлдегердің құрметіне Л.Толстой атындағы облыстық кітапхананың қонақжай залында «Қос жеңімпаз қаламгер» атты кездесу ұйымдастырылды. IMG_6564Оларды құттықтауға қостанайлық ақын-жазушылар, ЖОО студенттері, жергілікті БАҚ өкілдері келді. Қос жазушыларға қаламдастары жылы лебіздерін жолдады. IMG_6561Кітапхана директоры Д.Дүйсебаева да өз құттықтауын айтып, ақындарға жергілікті ақын-жазушылардың туындылары топтастырылған «Тобыл толқындары» әдеби альманахының соңғы шығарылымын сыйға тартты. Авторлар да байқау қорытындысы бойынша жарық көрген «Алтын көпір» аудармалар кітабының 2 томын, мұқабасына қолтаңбаларын қалдырып, кітапхана қорына табыс етті.

 

You may also like...

1 Response

  1. Тұрғын айтты:

    Поэзияда орыс тілінен қазақ тіліне аудара алатын талантты үлкен-кіші ақындар Қостанайда толып жатыр. Неге солардың  белсенділігі аз? Екіншіден, мынадай статуспен дос басқа дұшпан аяққа қарайдыны ұстанған дұрыс секілді. ел алдында жүретін адам әсіресе интеллигент міндеті түрде  түрсіз болса да түрін ұнамды қылуы керек әйтпесе тіпті басқа ұлттардан ұят. адамның түрі, киімі, жан-дүниесі сұлу болуы керектігін А. П. Чехов айтқан.Мұны жұртты сыйлау деп түсіну керек. өзіме ыңғайлы деп аяққа калош, басты тақырбас қылып барайық онда барлық жерге.Кімге арналғанын  өзі тауып алар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓