Тоқыма шеберханасын ашты
Рудный қаласындағы кәсіпкер Д.Жәлелов “Моноқалаларды дамыту-2020” бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грантты жеңіп алды. Бұл кәсіпкерге тоқымалы киім дайындайтын шеберхана ашуға мүмкіндік берген. Бөлінген қаражатқа ол тоқу және тігу машинкалары мен тоға, үстел, ноутбук сынды қажетті жабдықтарды сатып алған. Әзірге шеберханада үш тоқымашы жұмыс істейді. Болашақта кәсіпкер кәсіпорынның керегесін кеңейтуді жоспарлап отыр.