«Эксперсс-К» газетінің директоры Алексей Панның денесі елге жеткізіледі

Республикалық «Экспресс-К» газетінің директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Пан  Гоадағы шипажайда жергілікті балаларды теңіздің қатты толқыннан құтқарып, жағаға шығарған. Ал өзі жүрегі қысылып, қайтыс болған.пан 1
Қазір Үндістандағы Қазақстан елшілігі оның денесін елге жөнелту бойынша құжаттарды ресімдеумен айналысуда. Алдын ала мәлімет бойынша Алексей Панның денесі 25 наурызда Алматыға жеткізілмек.
Алексей Пан ҚазМУ журналистика факультетінің түлегі. Өзінің еңбек жолын «Огни Алатау» облыстық газетінің тілшісі лауазымынан бастаған. «Караван» газетінде жарнама қызметін басқарған және «Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының» қоғаммен байланыс департаментінің директоры болған.
 
2008 жылдан бері «Экспресс-К» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас директоры. 57 жасар Алексей Панның бірнеше мемлекеттік марапаттары бар, Қазақстанның құрметті журналисті.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓