Еуропаның түп-тамыры Торғайда ма?

Еліміздің тарихы тұнған өлкесі тағы да бүкіл әлем назарын қазақ даласына аударды. Бұл жолы жұртшылықтың қызығушылығын тудырған дүние Торғай өлкесінен табылған тылсым өрнектер болып отыр.
Таяуда АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігі жерге ойылып салынған аталған геометриялық денелердің фотосуреттерін жариялады.

20151031131030

Ерекше оюларды алғаш рет 2007 жылы Қостанай тұрғыны Дмитрий Дей кездейсоқ тауып алған еді. Ол пирамидалар туралы фильм көріп, «Google Earth» бағдарламасы ар­қылы өз қа­ласының маңынан сондай тарихи жәді­герлерді іздеген. Нәтижесінде, Торғай дала­сын­дағы түсініксіз суреттердің үстінен түсті. Бүгінде «Turgay Discovery» жобасының жетекшісі Д.Дей бұл мәселені өз қолына толығымен алған. Оның айтуынша, қазірге дейін 260 геоглиф табылған екен. Олардың арасында темір дәуіріне және ғұн-сармат кезеңіне тиесілі өрнектер де бар. Ал ең ежелгілері болып саналатын алып шаршы мен айқыш осыдан 8 мың жыл бұрын пайда болған. Сонымен қатар, ол 14 мың жыл бұрын сол кездегі аңшылар Америкаға Оңтүстік Сібір арқылы кеткенін назарға алды. Соған орай ол геоглиф дәстүрінің бір тармағы Торғай даласымен тығыз байланысты деп санайды.

20151031131017

Осыдан 7-8 мың жыл бұрын болған табиғат апатынан Торғай жазығын Аралдың тұзды суы басып қалған. Дәл осы кезеңде Азия мен Балқан түбегінде Күнге табыну мәдениеті бастау алғаны белгілі. Кейін ол Мысыр арқылы бүкіл Еуропаға тарады. Генетик мамандардың пайымдауынша, бүгінгі R1b гапло тобы сол кезде пайда болған. Бұл ген қазіргі Батыс Еуропа халықтарының 60 пайызына тән. Тіпті, Ирландия, Шотландия және Уэльс сынды елдердің тұрғындарында 90 пайызға дейін кездеседі. Тутанхамон перғауын мен Ұлыбританияның король отбасы да осы топтың өкілдері екендігі айтылып жүр. Бұл Дмитрий Дей ғалымның болжамы. Егер шындыққа жанасса еуропалық өркениеттің түп-тамыры қазақ даласында жатыр деуге болады.
20151031131026
Қазіргі таңда Торғайдағы тылсым өрнектер – әлемнің көптеген ірі оқу орындарында жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Бірнеше футбол алаңының аумағын алып жатқан геоглифтер ор, қорған және дуалдар кешенінен құралған. Кейбір зерттеушілер оларды Күннің қозғалысын тәулік бойы бақылау үшін салынған деп жорамалдап отыр.

                                                                              Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓